WBA тұжырымы бойынша Г. Головкин қаңтар айының үздік боксшысы атанды

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Жерлесіміз Геннадий Головкин Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) тұжырымы бойынша қаңтардағы үздік боксшы атанды.

Бұл туралы WBA ресми сайтында хабарланған.

Бұл ретте қазақстандық былғары қолғап шеберінің америкалық Габриэл Росадомен өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай аталған атаққа лайық деп транылғаны айтылады. Естеріңізге сала кетсек, дүниежүзінің бокс сүйер қауымын дүр сілкіндірген аталған жекпе-жекте Геннадий Головкин WBA және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық титулдарын қорғаған болатын.

Алдағы уақытта қазақстандық боксшы наурыз айының 30-ында Монаконың Монте-Карлосында рингке шығатыны жоспарланып отыр. Оның бұл жолғы қарсыласы 37 жастағы жапон Нобухиро Ишида болмақ.