WBA Владимир Кличконы сәуірден кешікпей Поветкин-Рахман жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге міндеттеді

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы WBA /ВБА/ әлемнің «Суперчемпионы» белбеуінің иесі Владимир Кличконы келесі жылдың көктемінде «тұрақты» чемпион, ресейлік Александр Поветкин мен американдық Хасим Рахманның арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуге міндеттеді.

Бұл туралы  Рахманмен 29 қыркүйекте Гамбургте өтетін кездесудің алдында Поветкиннің промоутері, немісВильфрид Зауэрланд мәлім етті.

 «Біздің айқасымыздың жеңімпазы наурыз, немесе, ең кеші - сәуір айында Владимир Кличкомен кездесуі керек», - деп хабарлады промоутер. Сондай-ақ украиналық боксшы 10 қараша күні поляк Мариуш Вахқа қарсы шығып, өз мәртебесін қорғауы тиіс.