WBC Альваресті қорғап мәлімдеме жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Альваресті қорғап, оның допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Sports.kz.

««Канело» көп жылдардан бері «Таза бокс» бағдарламасына мүшелік етеді. Спорттық жолында ол қаншама допинг сынақтан өткен. Бұл алғаш рет кездесіп тұрған оқиға. Спортшы абсолюттік сенім вотумына кіреді. Мексикадағы еттің дәріленетінін елдің бәрі біледі»,-деп жазылған ұйымның Твиттердегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшыдан алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растап отыр. Бұл мәліметті шетелдік ақпарат құралдары таратты.

Бұл оқиғаға қатысты Головкин мен Альварестің 5 мамырдағы жекпе-жегі тоқтатылмауы мүмкін. Альварес тарапы тыйым салынған препараттың боксшы жеген еттен келгенін айтып ақталып отыр.

Фото: tnimage.taiwannews.com.tw