«Гэри - WBC рейтингіндегі жақсы боксшы. Ол жекпе-жекке қабылдануы үшін «Таза бокс» бағдарламасы бойынша құжаттарды толтыруы керек. О' Салливан 4 мамыр күні өтетін кездесуге дайындық үстінде жүрген боксшы және бұл жекпе-жекке лайық қарсылас. Оған рұқсат берілуі керек»,-деді Маурисио Сулейман.
Кеңес президенті 21 жастағы мексикалық боксшы Хайме Мунгияның GGG деңгейіне әзірге жетпейтінін айтқан.
«Мунгия - мықты қарсылас, дегенмен оған әлі ертерек. Одан басқа бірнеше мықты боксшылар бар»,-деді WBC басшысы.