WBC чемпионы титулын қорғаған Уайлдер Шпильканы нокаутқа жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық боксшы Деонтей Уайлдер польшалық спортшы Артур Шпилькамен болған айқаста оны нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Тоғызыншы раундта америкалық Шпильканың шықшытынан дәл, аса күшті соққы жасап, нокаутқа жіберді. Рефериге айқасты тоқтатып, Уайлдерді жеңімпаз деп тануға тура келді. Американдық осылайша WBC тұжырымы бойынша чемпиондық титулды қорғады. Ол рингте барлығы 39 жекпе-жек өткізген. Бірде-бір рет жеңілмеген.

Ал Шпильканы шұғыл түрде ауруханаға апаруға тура келді. Нокауттан кейін оған ұзақ уақыт медициналық көмек көрсетілді,

Енді Уайлдер келесі жекпе-жегін ресейлік боксшы Александр Поветкинмен өткізеді.