АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың қатарында алғашқы 15 орынға іліккен қазақстандық былғары қолғап шеберлері бар.
Аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий 8-орнын сақтап қалса, екінші орта салмақтағы Али Ахмедов төртінші орыннан үшіншіге көтерілді.
Ал Геннадий Головкин рейтингіде орта салмақта 1-орында тұрса, Мейірім Нұрсұлтанов бесінші орыннан төртіншіге жайғасты.
Сондай-ақ жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец төртінші орыннан бесіншіге төмендеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.