WBC Головкин - Альварес реваншын санкциялады
15:04, 02 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) 55-і конвенциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.
Атап айтқанда, онда WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) қатысуымен өтетін кезекті жекпе-жек мәселесін қаралды. Бұдан бұрын ұйым президенті Маурисио Сулейман екі нұсқаны атаған еді - міндетті үміткер Джермаллом Чарломен (26-0, 20 КО) жекпе-жек немесе Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта айқас.
Басымдық реваншқа берілді. Сулейман тараптарды айқасты өткізу шарттарын тезірек мақұлдасуға шақырды.
Еске салайық, Головкин - Альварес бірінші айқасы тең нәтижемен аяқталды. Реванш 2018 жылдың 5 мамыр күні өтеді деп күтілуде.