WBC 5 мамырда өтетін Головкина-Альварес жекпе-жегін тоқтатып тастаған соң АҚШбоксшысы Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) өз кезегінде WBC-тің «уақытша» белбеуін ұтып алып, Головкиннің міндетті қарсыласына айналып шыға келді.
«Головкин 5 мамыр күні Ванес Мартиросянмен қолғап түйістіреді. Егер WBC 15 қыркүйектегі Головкин-Альварес жекпе жегі туралы шешімді қолдаса, Чарлоға 2019 жылдың наурыз немесе сәуіріне дейін күте тұруға тура келеді», -деп хабарлады WBC.