«Оқиғаның маңыздылығы мен екі тараптың қалауларына қарай WBC дивизиондағы жағдайды шешуді дүйсенбіге қалдырды», - деп жазды твиттердегі парақшасына WBC президенті Маурисио Сулейман.
Еске сала кетейік, WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына Сауль Альварес ие. Ал Геннадий Головкин бұл белдеуге міндетті үміткер. Бұрын тараптар 11 желтоқсанда келісімге келеді деп күтілген.