WBC Головкин мен Альвареске арнайы белбеу дайындамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік боксшылар кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта кездесуіне арнайы белбеу дайындау туралы жоспарын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

16 қыркүйекте өткен жекпе-жекте «Уичоли» арнайы белгісі жасалған болатын. Бұл жолғы титул Мексиканың бұрынғы президенті Адольф Лопес Матеосқа арналмақ.

«5 мамырға қарай жаңа белбеудің қандай болғанын жариялап көрсетеміз. Биыл ол Адольф Лопес Матеосқа арналмақ»,-деді Маурисио Сулейман Uniradionoticias.com.  сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда өтеді.