«WBC уақытша чемпион болып табылатын Чарлоның Головкинмен жекпе-жегін санкциялады. Себебі GGG өз титулынан айтарлықтай дау тудырарлық айқаста айырылып қалды және ол ойында қалуға лайықты. Бірақ, Головкин Чарломен жұдырықтасудың орнына «Канеломен» тікелей реванш сұрады. «Канело» болса еркін жекпе-жек сұрап отыр. Барлығы сапырылысып кетті. Сондықтан Головкин-Чарло айқасын өткізуді міндеттедік. Оның іске асатынына үміттенеміз. Олардың қай жеңгені «Канело» үшін жақсы нұсқа болады. Барлығы солай болса қуанар едім. Көреміз», - деді Маурисио Сулейман.