Осылайша, «Канелоға» тиесілі болған орта салмақтағы әлем чемпионы атағы америкалық Джермалл Чарлоға берілді. Ол бұған дейін «уақытша» чемпион болған еді.
Еске салайық, орта салмақта қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өнер көрсетеді. WBC титулы оның алдында GGG-ге тиесілі болды. Головкин соңғы айқасын 8 маусымда Нью-Йоркте өткізді: қазақстандық канадалық боксшы Стив Роллсты нокаутқа түсіріп, кейін Альвареске үшінші жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасады.