Boxrec.com-нің хабарлауынша, Сойлыбаев көптен күткен жекпе-жегін 10 шілдеде Дубайдағы (БАӘ) бокс кешінде өткізеді. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады. Сойлыбаевтың қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.
Қазақстандық боксшы кәсіби рингке соңғы рет 2017 жылдың 19 қазанында шыққан. Онда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Monte Carlo Resort and Casino аренасында өткен 10-раундтық жұдырықтасуда Бекман Сойлыбаев төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық боксшы Фернандо Варгасты жеңіп шыққан.