WBC президенті Головкинді бокс құдайына теңеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлейман Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) Лупе Пинтормен (56-14-2, 42 КО) бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кетейік, Головкин орта салмақтағы WBC белбеуінің иесі болса, Пинтор жеңіл және екінші дәрежелі жеңіл салмақтағы ұйым чемпионы атанды.

«Бокстың екі иконасы: GGG және  Лупе Пинтор #МенӨзімніңWBCБелбеуімдіСүйемін», - деп жазды Сүлейман твиттерге жариялаған суретінің астына.