АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлейман Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) Лупе Пинтормен (56-14-2, 42 КО) бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Айта кетейік, Головкин орта салмақтағы WBC белбеуінің иесі болса, Пинтор жеңіл және екінші дәрежелі жеңіл салмақтағы ұйым чемпионы атанды.
«Бокстың екі иконасы: GGG және Лупе Пинтор #МенӨзімніңWBCБелбеуімдіСүйемін», - деп жазды Сүлейман твиттерге жариялаған суретінің астына.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.