WBC президенті Головкинге «жарнама жасады»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкиннің есімі көрсетілген бейсболкамен түскен суретін Твиттерге жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«GGG бас киімімен бірге менің жағажайлық жинағым», - деп жазды функционер.

Сондай-ақ, танымал америкалық бокс шолушысы Берни Бармейзел Сулейманның фотосуретіне пікір жазып:  «Керемет фото! Супермэн және GGG - жеңімпаздық комбинация», - деп атап өтті. Журналист Маурисионың суперқаһарман логотипі бар жейдесіне де назар аударған.