WBC: «Сені мақтан етеміз, GGG»
09:18, 04 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс кеңесі (WBC) твиттерінде аталған ұйымның нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы титулының иегері Геннадий Головкинға құрметін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
Головкиннің «WBC чемпиондық белдігі - әрбір боксшының арманы» деген твитіне ұйымның ресми аккаунты: «Біз сені мақтан етеміз, GGG. Сен тек ұлы чемпион ғана емес, сонымен бірге тамаша адамсың. Сен сияқты жақсы жігітке рахметтен басқа айтарымыз жоқ» деп жауап жазды.