Аталған шешім WBC президенті Маурисио Сулейман, WBA басшысы Жилберто Мендос пен IBF басшысы Дэрил Пиплстың кездесуі кезінде қабылданды.
«Біз чемпиондар турнирін тек бір чемпион ғана әлем чемпионы болып танылуы үшін өткізу туралы шешім қабылдадық. Бұл ұзақ жол, алайда ол факт. Біз промоутерлер үздік кездесулер ұйымдастыруы үшін мүмкіндік тудырмақпыз», - деді Сулейман.
Айта кетер жайт, Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) өкілдері кездесуде болған жоқ.