WBO Inter-Continental белдігін зор жетістік деп бағаламаймын - Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров шілде айында Нұр-Сұлтанда өткенбокс кешінде аргентиналық Мауро Годойды үшінші раундта нокаутқа жіберіп, WBO тұжырымыбойынша Inter-Continental чемпионы атанған болатын. Дегенмен, боксшы бұлтитулды аса зор нәтиже деп есептемейтінін айтты.
«Қарсыласым мықты еді. Жекпе-жектің алдындаоның рейтингі менен жоғары болды. Бірақ бірнеше рет соққы алғаннан кейінқашқақтай бастады... Бұны (WBO Inter-Continental титулын – Ред.) үлкен жетістікдеп бағалауға болады деп ойламаймын. WBO тұжырымы бйынша толыққанды әлемчемпионы болған соң ғана мақтануға болатын шығар», - деді боксшы.
Сондай-ақ Жанқош алдағы жоспарлары туралыайтты.
«Қазір менеджерлеріммен жоспар құрып отырмыз.Келесі жекпе—жегімді күздің аяғына қарай өткізгім келеді», - деді ол.
Өткен шілдеайының 6-сы күні елордадағы «Барыс-Арена» кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп,оның басты айқасы Жаңқош Тұраров (23-0, 16 КО) пен аргентиналық МаксимилианоГодой (31-4-1, 16 КО) арасында болған еді.
Олардың кездесуі 10 раундқа есептелгенболатын. Бірақ үшінші раундта уақытынан бұрын аяқталды. Тұраров Годойдынокдаунға жіберген соң төреші онға дейін санады. Дегенмен, аргентиналық боксшы орнынантұра алмады.
Бұл - 28 жастағы Жаңқош Тұраровтың 24-ші жеңісі болды. Олқарсыластарын 17 рет нокаутпен жеңген. Бір де бір рет жығылып көрмеген.
Бокс кешін британдық MTK Global компаниясы мен америкалықTop Rank ұйымдастырды.