Оған бұл айқаста АҚШ спортшысы Садам Әли қарсылас болады, деп хабарлайды Boxingnews24.
Котто мен Әли айқасы Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Бұрын 36 жастағы Котто бұл карьерасындағы соңғы жекпе-жек болатынын мәлімдеген еді.
Пуэрториколық былғары қолғап шеберінің есебінде 41 жеңіс (33 нокаут), 5 жеңіліс бар. 2015 жылдың қарашасында ол мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 66,68 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атағынан айырылды. Үстіміздегі жылдың тамызында Котто бос тұрған WBO әлем чемпионы титулын жеңіп алды. Бұл жолы ол Калифорния штатының Карсон қаласында жапониялық Йосихиро Камегаимен 12 раунд жұдырықтасып, ұпайлар бойынша жеңіске жетті.
29 жастағы Садам Әли кәсіпқой бокста 25 жекпе-жекте жеңіске жетіп (14 нокаут), бір рет сүрінген.