"Мен барлығына дайынмын. Титулым бар және қалаған кез келген боксшы менен оны алып көрсін", - деген Рамирестің сөздерін келтірді boxingnews24.com.
Бұл туралы мексикалық Лас-Вегаста MGM Grand аренасында Артур Абрахаммен (44-5, 29 KO) кездесуден кейін мәлім етті. Рамирес төрешілердің бірауызды шешімімен екінші орта салмақтағы WBO жаңа чемпионы атанды.
Айта кету керек, Раирес Абрахаммен кездесер алдында Головкинмен айқасуға ниет білдірген. "Мен Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Өйткені ол үздік боксшы». Оның промоутері Боб Арум бұл жекпе-жекті ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.