Шешім Лас-Вагесте өткен жыл сайынғы (WBO) конференциясында белгілі болды.
Чисор мен Фьюри арасындағы қарымта кездесу 29 қарашада өтеді. Боксшылар оның алдында, 2011 жылы бақ сынаған. Ол кезде Фьюри қарсыласынан ұпай санымен басым түскен еді, бірақ Кличкомен жекпе-жекке шығудан бас тартқан.
Чисор кәсіби рингте 20 рет басым түсіп (13 нокаут), 4 рет жеңілістің ащы тәмін татқан, Фьюридің есебінде 22 жеңіс (16 нокаутпен), бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.
Кличко таяуда, яғни 15 қарашада жекпе-жекке шығады. Болгария спортшысы Кубарт Пулевпен айқаста украиндық Халықаралық боксшылар федерациясы (IBF), WBO және Дүниежүзілік боксшылар қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша титулын қорғамақ. Украиндық 62 рет жеңісті (53-і нокаут) еншілесе, үш рет жеңілген.
Соңғы рет Кличко рингке 26 сәуірде шығып, австралиялық Алекс Леапаиді 5-ші раундта нокаутпен ұтқан болатын.