Ұйымның хабарлауынша, қазақстандық боксшының тиісті талаптарды орындауына байланысты, жарыстан шеттету мерзімі ресми тоқтатылған.
- Комитет қойған шарттарды орындағаннан кейін, Әлімханұлы мырза Әлем чемпионаты комитетіне өзінің мәртебесін қайта қарауды сұрап ресми өтініш берді. Комитет оның талаптарға сай келуін бағалап, ұсынылған құжаттарды қарап, оған қойылған тиісті шарттарды толық орындағанын анықтады. Сәйкесінше, Әлімханұлы мырзаның шеттетілуі 2026 жылдың 10 шілдесінен бастап тоқтатылды,- делінген хабарламада.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылы 21 шілдеде WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартып, супер орта салмаққа ауысты.
Сонымен қатар, қазақстандық боксшы ұйымның жаңартылған рейтингінде бірден 2-сатыға жайғасты.
Сондай-ақ, Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде WBO супер орта салмақ чемпионы Хамза Шираздың міндетті қарсыласы ретінде белгіленді.