Жәнібек болса WBO санкциясының айқасқа кепіл бола алмайтынын бәрінен жақсы біледі. Себебі, соңғы 12 айда Деметриус Андраде, Хайме Мунгия мен Эскива Фалькаомен міндетті айқастары болмай қалды.
34 жастағы Лиамның статистикасы – 33 жеңіс (20 нокаут), 3 жеңіліс пен бір тең нәтиже.
2015 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың қыркүйегіне дейін Смит бірінші орта салмақта WBO титулын иеленді, бірақ Канелодан нокаутпен жеңілген соң одан айырылып қалды. Кейін уақытша чемпион болып жүріп, белбеуін қайтаруға тырысты, бірақ Хайме Мунгиядан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді.