ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру мекемелеріне немесе басқа жерлерге мұндай хабарламалар жібермеген.
– Министрлік білім беру ұйымдарына мұндай ақпарат жіберген жоқ. Білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтар әлеуметтік желілерде және ҚР БҒМ сайтында жарияланады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«Мессенджер Қазақстан аумағында жұмысын тоқтатады деуге ешқандай негіз жоқ. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да тиіс ақпарат шықпаған. Сондай-ақ Қазақстанға қатысты ешқандай санкциялар енгізілмегенін атап өткен жөн», - деп жазылған сайтта.