АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қаңтардан бастап WhatsApp мессенжері Nokia S40 операциялық жүйесінде жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
2020 жылдың 2 ақпанынан бастап WhatsАpp тағы екі танымал операциялық жүйеде жұмыс істемейтін болады, олар - 2.3.7 нұсқадағы Android және iOS 7.
Енді аталмыш операциялық жүйені қолданушылар жаңа аккаунт аша алмайды. Бұл телефондарда мессенджер де істемеуі ықтимал, себебі WhatsАpp аталған операциялық жүйелер үшін бағдарлама жасауды доғаруды жоспарлап отыр.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.