WhatsApp қосымшасында жаңа функция пайда болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WhatsApp қосымшасында жаңа функция пайда болды. Бұл туралы қосымшаның Twitter парақшасында хабарланды.

«Енді дауыстық хабарламаны «жіберу» батырмасын басу алдында оны алдын ала тыңдай аласыз», - делінген таратылған хабарламада.