WhatsApp мессенджерінің жұмысында іркіліс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты WhatsApp (2014 жылы Facebook жасап шыққан) мессенджерінің жұмысында іркіліс болды, деп хабарлады Agence France Presse.

Оның деректеріне сәйкес іркіліс бірқатар елдердің жүз миллиондаған пайдаланушыларын қамтыды. Атап айтқанда, сервис сейсенбі күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 5:00-ден бастап АҚШ, Жапония, Үндістан, Малайзия және Колумбияда қолжетімсіз болды. Бір сағаттан кейін мессенджер жұмысын қайта жаңартты. Ірікіліс себептері туралы ресми ақпарат болған жоқ, деп мәлімдеді ТАСС.

Осы жылғы қаңтарда WhatsApp мессенджері тегін болатыны белгілі болған. Бұдан бұрын бірқатар пайдаланушылардан жылына 0,99 доллар мөлшерінде абоненттік төлем алынған.