WhatsApp пайдаланушылары жаңа рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - WhatsApp мобильді қосымшасын белсенді пайдаланушылардың қатары 700 миллион адамнан асты, деп хабарлады Mashable.

Бірнеше ай бұрын ғана, 2014 жылдың тамыз айында сервис өкілдері белсенді пайдаланушылардың саны 600 миллион адамға жеткені жөнінде есеп берген. Сонымен қатар күн сайын WhatsApp пайдаланушылары отыз миллиардтан астам хабарлама жібереді. Демек, әр секунд сайын сервисте шамамен 350 000-ға жуық хабаралама өңделеді.