Wi-Fi адамның басын ауыртып, өсімдіктерді құртады

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Ғалымдар адамзатқа зор пайдасын тигізіп жүрген техникалық прогресс құралдарынан мін іздеуді тоқтатар емес. оОардың ендігі назары интернетпен сымсыз байланыс Wi-Fi желісіне түсіпті.

Даниялық ғалымдар тобы сымсыз интернетпен байланыс, яғни Wi-Fi-дың адам денсаулығына әсерін зерттеді. Соңғы жылдары техникалық жаңалық болып қоғам өміріне нық кірген Wi-Fi-технологиясы, өкінішке орай, адам ағзасына зиян болуы мүмкін. Wi-Fi мидағы тамырларға әсер етіп, олардың тартылып, қысылуына әкеп соғады. Ал ол өз кезегінде бастың ауруына себеп болады.

Ғалымдар мұндай шешімге мектеп оқушыларына жүргізілген зерттеуден кейін келді. Олар оқушылар ұйқыға жатқанда жастықтарының астына Wi-Fi желісі қосылған смартфондар салып жүрген. Таңмен ғалымдар балалардың денсаулық жағдайын тексеріп, оқушылардан бас ауруды, шаршағандықты байқаған.

Сонымен қатар, үйінде Wi-Fi желісін пайдаланушылар өзінің бөлме өсімдіктеріне назар аударулары тиіс. Өйткені жүргізілген тәжірибе негізінде Wi-Fi желісі өсімдіктерді құртатыны дәлелденді. Қосулы Wi-Fi-модемімен бір бөлмеде тұрған 6 өсімдік түрі 12 күнде-ақ құрғап, сарғая бастады.