Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Wifi Bus Astana жобасының басты мақсаты - жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және оларды қажетті ақпаратпен қамту болып табылады. Кез-келген қоғамдық көлік пайдаланушысы Wi-fi арқылы керекті маршрут пен аялдамалар туралы ақпаратты ала алады.
30 күн ішінде Wifi Bus Astana қызметін пайдаланушылардың саны 1 миллион 26 мың адамды құрады. Тәулігіне, орташа есеппен, бір автобуста 114 қолданушы Wifi Bus Astana қызметіне жүгінеді. Өткен ай көлемінде бір ғана автобустың жолаушылары 2565 гигабайт ақпаратты пайдаланған болатын. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жолаушылардың көбінде музыка тыңдап, әлеуметтік желілер үшін Wifi Bus Astana қызметін пайдаланатыны белгілі болды.