АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі 2006-2012 жылдар кезеңіндегі француз президенттері туралы деректер жинаған, делінген WikiLeaks хабарламасында. 1995 - 2007 жылдары елді басқарған Жак Ширак пен 2007-2012 жылдары президент болған Николя Саркози де аңдуға іліккен. АҚШ Үкіметі аталған жағдайға байланысты түсінік беруден бас тартты.
08:16, 24 Маусым 2015
WikiLeaks: АҚШ арнайы қызметі Франция президенттерін аңдыған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық арнайы қызмет Франция президенті Франсуа Олланд пен оның алдындағы екі президентке тыңшылық жасаған. Бұған WikiLeaks жариялаған құжаттар дәлел, деп жазады 'ВВС' агенттігі.