WikiLeaks: АҚШ Израильге бомба жеткізіп отыр

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Осыдан бір жыл бұрын АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасау үшін Израильге авиабомбалар жеткізуге келіскен. WikiLeaks порталына сілтеме жасап батыс басылымдары жариялап отырған құпия материалдар осыны айтып отыр, деп хабарлайды СNN агенттігі.

Жария етілген мәліметтер бойынша, бомба жеткізу туралы келісім өткен жылдың қараша айында өткен екі елдің қорғаныс министрлері өкілдерінің кездесуінде жасалған. Ал сол жылдың маусым айында АҚШ пен Израиль парламентшілерінің және дипломаттарының кездесуі өтіп, онда Израильдің қорғаныс министрі Эхуд Барак «Иранның ядролық қару жасауына мүмкіндік бермеу үшін, бомбалардың «жарты жыл мен бір жарым жылдың ішінде жеткізіліп қалатынын»,- айтқан, - деп хабарлайды басылымдар.

АҚШ барлауының дерегі бойынша, «Иран ядролық қару жасауға қажетті технологияларға 2011-2011 жылдары қол жеткізіп қалады».