WikiLeaks Гуантанамо туралы айтпақ

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - WikiLeaks сайтының келесі ақпараттары Гуантанамо түрмесіндегі жағдай туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің есептерімен байланысты болады, деп хабарлайды Utro.ru сайты. Бұл туралы WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассандждың танысы бейсенбі күні хабарлады.

Кубада орналасқан Гуантанамо түрмесінде Ирак пен Ауғанстанда тұтқынға алынған адамдар отыр.

Айта кету керек, АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы сәрсенбі күнгі отырысында 2011 жылы Гуантанамо базасын жабуға қарсы дауыс берді. Гуантанамода отырған және лаңкестікке қатысы бар деген күдіктілерді АҚШ аумағындағы түрмелерге ауыстыруға тыйым салатын заң жобасын 212 парламентші қолдаса, 206 депутат қарсы дауыс берген.