деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг агенттігі.
Неміс басылымдарының жазуынша, Wikileaks сайты жарияланған атышулы құжаттардан мәлім болғандай, Хельмут Мецнер герман саясатындағы құпия процестер туралы мәліметтерді американдықтарға хабарлап отырған.
Атап айтқанда ол, Германиядағы соңғы парламенттік сайлаудан кейін 2009 жылдың қазан айында болған билік жүргізуші коалицияны құру жөніндегі келіссөздердің барысы туралы Берлиндегі АҚШ елшілігіне хабарлап отырған.
WikiLeaks сайты АҚШ Мемлекеттік департаментінің біраз құпия материалдарын жариялағанын бұған дейін хабарлаған еді. Құпия құжаттармен қоса, американ шенеуніктерінің бірқатар мемлекеттің басшыларына қатысты көзқарастары да жария болып отыр. Атап айтқанда, Германия канцлері Ангела Меркельді американдықтар тәкаппар, кертартпа және тәуекелден қашқақтайтын адам ретінде қабылдайды екен.