WikiLeaks сайтының авторы Джулиан Ассанж Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талай дауға іліккен WikiLeaks сайтын жасаған австралиялық журналист-блогер Джулиан Ассанж Қазақстан Журналистері одағы сыйлығының лауреаты атанды.

Республикалық шығармашылық байқаудың үздік жұмыстарының қорытындысын бүгін "Егемен Қазақстан" газетінде Қазақстан Журналистер одағының басқармасы жариялады. Ассанжтың еңбегі «журналистік зерттеу» аталымында бағаланды. Сонымен бірге, бұл сыйлықтың лауреаттары ретінде республикалық және аймақтық БАҚ-тың журналистері мен фототілшілері танылды. Ал билік өкілдері, үкіметтік емес және діни ұйымдардың өкілдері баспаны қолдап, журналистермен өзара түсіністік танытқаны үшін одақтың дипломдарымен марапатталды.