WikiLeaks таяу уақытта құпия оффшорлық шоттарды ұстаушылар туралы мәлiмет жариялайды - Ассандж

None
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - WikiLeaks сайты таяу уақытта құпия оффшорлық шоттарды ұстаушылар туралы мәлiмет жариялайды,

деп хабарлады жоба жетекшісі Джулиан Ассандж олардың арасында танымал саясаткерлер мен миллиардерлер бар екенін алға тартып, деп мәлімдейді РБК Associated Press-ке сілтеме жасап.

Ол ақпаратты Julius Baer Швейцария банкiнiң бұрынғы қызметкерi Рудольф Элмерден алғанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, берілген 2 мың адам туралы дерек жарияланатын болады.

Wikileaks негізін салушы алдымен барлық ақпарат тексерілетінін тілге тиек етті. Оған шамамен екі аптадай уақыт кетеді.

Р.Элмер 2002 жылға дейін банк қызметкері болған. Швейцарияда банктік ақпаратты ұрлаумен байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.