"Бұл екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін тұңғыш рет Жапонияда бірінші кезекте Қытай, КХДР және лаңкестердің әлеуетті іс-әрекеттері туралы ақпараттар жинауға бағытталған құпияланған сыртқы барлау жұмыстарының құрылғанын айғақтайды", - деп жазады Вести.Ру.
Мәліметтерге сүйенсек, құрылым Премьер-министр кеңсесі жанындағы Зерттеу бюросы аясында құрылған. Бұл барлау қызметі Жапония үкіметін жабық және талдау ақпараттарымен жабдықтап тұруға арналған. Сарапшылардың бағалауы бойынша, оның күні кешеге дейін шетелде толыққанды агентурасы болмаған көрінеді. Қазір «ақпарат жинауда адам күшіне» толық иек артып отырған жайы бар.