Wildberries Петербургте өртеніп кеткен қойманың 16 қызметкерін іздестіріп жатыр

Фото: Фото: скрин с видео

Wildberries онлайн ретейлері 13 қаңтар күні қоймада жұмыс істеген 16 адамды іздеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі Telegram арнасында хабарлады, деп хабарлайды Kazinform ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта 16 адамның тұрған жерін анықтап жатырмыз», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Wildberries баспасөз қызметі Шушарыда өртенген қойманың 49 қызметкерінің байланысқа шықпағанын, компания өкілдері олардың жақындарымен байланыста екенін хабарлаған.

13 қаңтарда Санкт-Петербургтегі Шушары ауылындағы интернет-дүкеннің қоймасында өрт шықты.

Wildberries баспасөз қызметінің мәлімдемесінде сол күні Мәскеу уақытымен 07:20–да қоймада 1,2 мың адам болғаны айтылған.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Тергеу комитеті өртке қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 201-бабы (қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.