«Қазіргі уақытта 16 адамның тұрған жерін анықтап жатырмыз», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Wildberries баспасөз қызметі Шушарыда өртенген қойманың 49 қызметкерінің байланысқа шықпағанын, компания өкілдері олардың жақындарымен байланыста екенін хабарлаған.
13 қаңтарда Санкт-Петербургтегі Шушары ауылындағы интернет-дүкеннің қоймасында өрт шықты.
Wildberries баспасөз қызметінің мәлімдемесінде сол күні Мәскеу уақытымен 07:20–да қоймада 1,2 мың адам болғаны айтылған.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Тергеу комитеті өртке қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 201-бабы (қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.