Emscripten эмуляторы мен DOSBox виртуалдық машинасы плагиндерді орнату және Windows 95 шаң басқан дискін іздеп әуре болмай-ақ ретронұсқаны пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Операциялық жүйе JavaScript-те құрастырылады, содан соң ғаламтор арқылы браузерге жіберіліп қолданысқа беріледі. Браузерде ескіне еске түсіріп «Солитер» ойнауға, DOS-пен жұмыс істеуге болады.
Эмулятор аса сәтті шықпаған. Мысалы, Internet Explorer эмулятордың ішінде тұр. Алайда жас шотландиялықтың жұмысы жақсы әсер қалдырады, инженерлік ой жемісінің қарымы қаншалықты екенін көрсетеді.