1/8 финалда қазақстандық гроссмейстер Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамованы жалпы 10,5:3,5 есебімен жеңіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Асаубаева матчтың барлық үш кезеңінде қарсыласынан басым түсті. 5 1 уақыт бақылауындағы блицте 3,5:1,5 есебімен жеңіске жетсе, 3 1 форматында 4:1 есебімен басым болды. Ал 1 1 форматындағы пулда да Хамдамоваға мүмкіндік бермей, 3:1 есебімен жеңді.
Осылайша, Бибісара Асаубаева матчты 10,5:3,5 есебімен аяқтап, Women’s Speed Chess Championship 2026 турнирінің ширек финалында чемпиондық атақ үшін күресін жалғастырады.
Бұған дейін Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте бірінші болуды мақсат етіп отырғанын мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, ол алғаш рет әлемнің үздік 5 шахматшысының қатарына қосылды.