Құрлықтық додада 4-5 сәуір күндері ширек финал өтіп, жартылай финал жолдамасы сарапқа салынды. Нәтижесінде ел құрамасынан барлығы 13 боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл жөнінен отандастарымыз жалпы есепте екінші орында тұр.
Енді жартылай финалда Үндістан - 16, Өзбекстан - 11, Қытай - 8, Моңғолия - 5, Таиланд, Тайвань, Жапония - 4, Солтүстік Корея, Тәжікстан, Иордания - 3, Оңтүстік Корея - 2, Филиппин мен Түрікменстан - 1 үздігіне үміт артады.
Еліміздің ерлер құрамасынан Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) енді финал жолдамасын сарапқа салады.
Ал әйелдер құрамасында Айгерім Сәттібаева (48 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жартылай финалда шаршы алаңға шығады.
Айта кетсек, отандастарымыз арасынан Санжар Ташкенбай (50 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолын ерте аяқтады.