World Boxing: Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар қай күндері шығады

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар алдағы жекпе-жектерін қай күндері өткізетіні белгілі болды.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Құрлықтық дода 10 сәуірге дейін созылады. Онда еліміздің атынан барлығы 20 боксшы (ерлер — 10, әйелдер -10) аттанды. Қазір олардың арасынан Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Ал бүгін, 1 сәуірде Оразбек Асылқұлов (60 келі) филиппиндік Поль Басконды жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Іріктеу кезеңі

2 сәуір

65 келі: Ертуған Зейнуллинов — Ю Линь (Тайбэй)

Ширек финал

3 сәуір

70 келі: Төрехан Сабырхан — Ким Юн Су (Оңтүстік Корея) мен Шамшер Саидов (Тәжікстан) жұбының жеңімпазы

55 келі: Махмұд Сабырхан — Махди Альмасалех (Иордания) пен Шахзод Музафаров (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы

4 сәуір

65 келі: Лаура Есенкелді — Боро Анкушита (Үндістан)

50 келі. Санжар Тәшкенбай — Баглан Ергешов (Қырғызстан) пен Вишванат Суреш (Үндістан) жұбының жеңімпазы

90 келіден жоғары: Айбек Оралбай — Бекнур Хали (Моңғолия) мен Арман Маханов (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы

5 сәуір

48 келі: Әйгерім Сәттібаева — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)

75 келі: Валентина Хальзова — Суен Сон (Оңтүстік Корея)

75 келі: Сабыржан Ақалықов — Яги Талга (Жапония)

80 келі: Ерасыл Жақпеков — Сагын Сатыбалды (Қырғызстан) мен Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы

Жартылай финал

6 сәуір

70 келі: Бақыт Сейдіш — Суджин Сон (Оңтүстік Корея) мен Алимире Абудурейиму (Қытай) жұбының жеңімпазы

80 келі: Надежда Рябец — Пуджа Рани (Үндістан)

80 келі: Дина Исламбекова — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)

7 сәуір

85 келі: Нұрбек Оралбай — Барлаахан Дору (Моңғолия) мен Мохаммад Сулейман (Иордания) жұбының жеңімпазы.

Құрлықтық додада 9 сәуірде әйелдер, 10 сәуірде ерлер арасында финалдық бәсекелер өтеді.