Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, дүбірлі дода 30 наурыз-6 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.
Алғашқы жарыс күнінде ерлер құрамасынан Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) рингке шығады. Қарсыласы — бразилиялық Мишель Триндаде.
Сондай-ақ әлем кубогында еліміздің атынан ерлер құрамасында Нұрзат Оңғаров (50 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Алмат Әбдуәлі (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) сайысқа түседі.
Ал әйелдер құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Әдішева (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) ел намысын қорғайды.
World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Екінші кезең 30 маусым-7 шілде аралығында Қазақстанда болады. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Бірақ оның өтетін орны әзірге белгісіз.