АСТАНА. KAZINFORM — Бразилияда өтіп жатқан бокстан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңінде Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық боксшы жартылай финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировқа 0:5 есебімен жол берді. Осылайша аталған турнирде қола жүлдені қанағат тұтты.
Енді 4 сәуірде жартылай финалда Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Жазира Орақбаева (51 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Диас Молжігітов (75 келі) пен Дәулет Төлемісов (85 келі) сайысқа түседі.
Қазірге дейін ел құрамасынан Нұрзат Оңғаров (50 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Анита Әдішева (54 келі), Алмат Әбдуали (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Екінші кезең 30 маусым-7 шілде аралығында Қазақстанда болады. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Бірақ оның өтетін орны әзірге белгісіз.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.