World Boxing: Қазақстандық жас боксшылар Азия чемпионатын сәтті бастады

АСТАНА. KAZINFORM — World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 19 және 22 жасқа дейінгілер арасында 2025 жылғы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық сегіз боксшы сынға түсті.

Фото: ҰОК

Онда алдымен 19 жасқа дейінгілер шаршы алаңға шықты. Жетеуі қарсыластарын қапы қалдырып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Қазақстандық боксшылардың алғашқы жекпе-жегі туралы нәтиже төмендегіше:

Ұлдар

50 келі. Әділ Асқанбай — Чой Цзюнь Вон (Оңтүстік Корея). Төрешілер шешімімен жеңіс корейлік боксшыға берілді.

70 келі. Бейбарыс Әшірбай — Фарух Юлдашев (Түркменстан). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп танылды.

80 келі. Тимур Тайбеков — Бенджамин Райан Ли (Сингапур). Жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
90 келіден жоғары. Бексұлтан Қайратұлы — Ислам Салихов (Өзбекстан). Төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.

Қыздар

48 келі. Диана Серікбаева — Ким Юн Цзы (Оңтүстік Корея). Жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

51 келі. Айым Таңқыбаева -Тран Тхи Хоа (Вьетнам). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп танылды. 

54 келі. Жанель Имантаева — Муслима Тургонова (Өзбекстан). Төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.

57 келі. Аяжан Ермек — Сакура Окаяма (Жапония). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп танылды.

Аталған дода World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтетін жастар арасындағы алғашқы құрлық біріншілігі. Сонымен қатар 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысады.
Құрлықтық дода 11 тамызға дейін жалғасады.