Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін мексинкандық Сауль Альварес бесінші орынды місе тұтса, ресейлік Сергей Ковалев - төртінші орында. Екінші орын иесі - Роман Гонсалес (Никарагуа). Ал бірінші орынды әдеттегідей, кәсіби мансабын өткен күзде аяқтаған америкалық Флойд Мэйвезер алған. Сондай-ақ, үздік ондық арасында Мэнни Пакьяо, Андре Уорд, Гильермо Ригондо, Теренс Кроуфорд және Нонито Донэр бар.
Айта кетейік, Головкиннің кезекті жекпе-жегі 10 қыркүйек күні Лондонда өтеді. Оның қарсыласы британдық боксшы Келл Брук болмақ.