Зәкір Сафиуллин (60 кг) Насраддинин Маммадовты 3:0 (49:45, 49:44, 49:45) есебімен жеңсе, Олжас Сәттібаев та (52 кг) Магомед Ибиевтен 3:0 (50:45, 50:44, 50:45) есебімен басым түсті, Асланбек Шымбергенов (69 кг) Тамерлан Абдуллаевқа 0:2 (47:47, 46:48, 46:48) есебімен есесін жіберіп алды. Нұрдәулет Жарманов (81 кг) екінші раундата техникалық нокаутпен Михаил Долголевецті жеңді. Ал шаршы алаңға соңғы болып шыққан Нұржан Бекзатовты ( 91 келі) Арсланбек Махмудов техникалық нокаутпен ұтты.
Енді 19 наурызда Astana Arlans Петропавлда Puerto Rico Hurricanes-пен кездесетін болады.