WSB чемпионы Жақыпов 14 қаңтар күні кәсіпқой рингке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WSB чемпионы, «Astana Arlans» құрамындағы 27 жастағы өскемендік боксшы Мирас Жақыпов ертең Шанхайда (Қытай) кәсіпқойлар арасында өзінің алғашқы айқасын өткізеді. Бұл туралы Sports.kz «Профи Бокс Казахстана» онлайн-басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтың қарсыласы Гуаньжи Жен жергілікті боксшы, бұл айқас ол үшін де кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жек болмақ.


Төрт раундтық бокс кездесуі жартылай жеңіл салмақта өтеді (126 фунтқа дейін - 57,2 кг).

Екі боксшы да таразыға тартылу салтанатында көрсетілген салмақтан аспады. Жақыпов 124 фунт (56,3 кг), ал қытайлық боксшының салмағы 125 фунтты (56,7 кг) құрады.